ОҚО әкімі 20 жасқа «Үздік жастар премиясын» табыстады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған облыс жастарының балы мен «Үздік жастар премиясы» салтанатты іс-шарасына қатысты. Жастардың арасында мәдениеттілік пен әдептілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған кеште облыс әкімі сөз алып, барша оңтүстікқазақстандық студент жастарды бүгінгі мерекемен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді.«Елімізде қай кезде болмасын жастарға, жас мамандарға үлкен сенім артылып, жастардың өсуіне көптеген жағдайлар жасалуда. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ұлттық руханияттың жаңа тұғыры десек, оны жүзеге асыру бәріміздің алдымызда тұрған басты мақсат. Бүгінде Ұлыстың ұйытқысы атанған — өңірімізді жан-жақты дамыту жолында жігерлі жастарымыздың үлесі бар, әлі де көп еңбек етіп, облыстың дамуына сүбелі үлес қосатындарыңызға сенімдімін. Сіздерге тек еңбекте ғана емес, Тәуелсіз еліміздің мақтанышына айналып, барлық салаларда үлкен жетістіктерге жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін»,-деді әкім.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*