ОҚО-да көсбасшы жастар марапаттарға ие болды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жыл бойы түрлі салаларда өзіндік үлес қосып жүрген 20 көшбасшы жасқа 15 номинация бойынша «Үздік жастар премиясын» табыстады. Салтанатты кеште арнайы дайындықтан өткен 22 жұп би кешіне арналған салтанатты киімдерін киіп, вена вальсын биледі. Олар би алаңын нағыз веналық ертегі әлеміне айналдырғандай әсер қалдырды.

Іс-шараға облыстық мәслихат депутаттары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары мен белсенді жастар, жұмысшы жастар ұйымы мен ерікті жастар жалпы саны 500-ден астам адам қатысты. Сонымен қатар, мереке қарсаңында бүгін «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында «Оңтүстік» жастар театрының талантты өнер иелері өзбек драматургы Х.Хурсановтың «Өлдік те, құрметті болдық» атты тәрбиелік мәні зор комедиялық жанрдағы қойылымын ұсынды.

Айта кетейік, облыстағы 12 жоғары оқу орнында 44 860 студент, 91 орта, арнаулы оқу орындары мен колледжде 70 885 студент білім алады. Яғни, өңірде 115 мыңнан астам студент бар.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*