Түлкібаста «Алтын күз» мерекесі болып өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының шаруалары осы жылдың тоғыз айында 25 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 млрд. теңгеге артық. Сонымен қатар, диқандар 64 906 гектар жерге егілген дәнді-дақылдан гектарына 18,5 центнерден, ал мақсарыдан 12,5 центнерден өнім алды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында журналистер осындай игі істің куәсі болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Түлкібас ауданындағы ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан шаруалармен танысып, бірқатар кәсіпорындарды аралап көргенін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, ала жаздай еткен еңбектің жемісін көрген шаруалар «Алтын күз» ауыл шаруашылығы мерекесінде бас қосып, нәтижелі көрсеткішке қол жеткізген бірқатар шаруалар марапаттарға ие болды. Салтанатты жиында түлкібастық тұрғындарға қазақы киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдардан ас мәзірлері дайындалып ұсынылды. Сонымен қатар, төменгі бағада ауыл шаруашылығының өнімдері жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*