Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков биылғы жылды шаруалар жемісті аяқтап отырғанын айтады.«Аудан көлеміндегі 571,8 шақырымды құрайтын 111 канал коммуналдық меншіктен Республикалық меншіктің   теңгеріміне қабылданды. Ауданымызда биылғы жылы жаңадан 31 өндірістік кооперативі ашылып, 385 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар 261 бірлік мал бордақылау алаңы, 82 бірлік шағын сүт фермасы ашылды», — деді Нұрбол Тұрашбеков.

Сонымен бірге аудан басшысы ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы әр түрлі бағдарлама шеңберінде жыл басынан бері 237 млн. теңге болатын 71 жоба, ал, ауыл азаматтарын ынталандыру үшін «Ырыс» қаржы ұйымы арқылы 218 млн. теңге көлемінде 55 жоба қаржыландырылғанын айтты.

Осындай мемлекеттік бағдарлама аясында қаржылай қолдау тапқан жобалардың бірі «Қазақбай» өндірістік кооперативі. Мал бордақылау ісімен айналысатын кооперативтің бүгінде үш мүшесі бар. Олар кооперативке бірігудің арқасында жұмыстарын жүйелеп, мемлкеттен жеңілдетілген 3 млн. теңге көлемінде несие алған. Алдағы уақытта жұмысын кеңейтіп, қосымша субсидия иеленуді жоспарлап отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*