Созақтық спортшылар еліміздің мерейін тасытты

Созақтық спортшы 19 жастағы Қобыланды Орынбасаров Сеулде өткен гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионы атанды. Ал, жаттықтырушысы Мұрат Серікбаев ардагерлер арасындағы жарыста әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Жарыс Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында қараша айының 15-19 аралығында өтті. Жарысқа әлемнің 33 елінен 600-ге жуық спортшы қатысты.«73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Қобыланды, 32 келі гір тасын үзын цикілді көтеруден 62 рет бағындырды», – дейді жаттықтырушысы Мұрат Серікбаев. «Шәкіртіңіз қанша уақыттан бері спорттың бұл түрімен айналысады» деген сауалымызға. «Қобыланды алғашқыда қазақ күресімен айналысатын. Ауылда өтетін той жиындарда, гір тасын көтеріп жүретінін сыртынан байқайтынмын. Күші көп, бірақ техникасы жетіспейтін. Өзіме шәкірт етіп алдым. 2014, 2015 жылдары гір тасын көтерудің қыр-сырын үйреттім. Аз уақытта үлкен нәтижелер көрсете бастады. Мәселен, осы спортпен айналысқан бір жылдың ішінде жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы, сол жылы Латвияда өткен Европа чемпионтында күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал, келер жылы Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Биыл жастар арасына да еркін кіріп, ел біріншілігін ұтты. Өздеріңіз куә болып отырғандай жастар арасындағы ұлттық құрамаға мүше болып, Оңтүстік Корея мемлекетінде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы болды» дейді. «Өзіңізде спорттың бұл түрінен үлкен нәтиже көрсетіп жүрсіз. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберісіз. Бұл спортпен қашаннан бері айналысасыз. Бүгінде шәкірттеріңізде биіктерден көрініп жүр. Бұл жарыста ардагерлер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атандыңыз. Жалпы жарыс қалай өтті» деген сұрағымызға. «Оңтүстік Корея қай жағынан да дамыған мемлекет қой. Спорттық жарыстарды да жоғары дәрежеде ұйымдастыра біледі. Басты қарсыластарымыз Ресей, Украина мемлекеттері болатын. Бірақ төгілген тер мен еңбектің нәтижесі өтеліп, міне, шәкіртім чемпион, өзім 73 келі салмақ дәрежесінде 24 келіні қос сайыс бойынша 131 рет көтеріп күміс жүлдені алып отырмын. Ал, бұл спортқа әскерде келісім шарт қызметкерлі болып жүрген кезден бастап айналыстым. Алдыма мақсат қойдым. Соның нәтижесін көріп қуанып отырған жайымыз бер»- дейді.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып істейтін Мұрат Серікбаев гір тасының дамуына, халықаралық жарыстарға шығуына жағдай жасап, отырған аудан әкімі Салыхан Полатовқа, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Ниязліұлына алғысымды білдіремін дейді. Жастар, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Созақ спортының төл тумасы, Оңтүстіктен шыққан жастар арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Қобыланды Орынбасаров Алматы қаласындағы Қазақ туризим және спорт академиясының 3 курс студенті.

 

Е. Райымқұлов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*