Құзығұртта ашылған өндіріс орны жылына 336 мың тонна газобетон болгын шығармақ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Қазығұрт — Шымкент қаласымен іргелес жатқан көрші аудан екенін және Жібек жолы мен «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» үлкен жолдың бойында орналасқан аудан болғандықтан мұнда өндірісті өркендету қажеттігін айтып, мұндай бастамаларды қолдауға әрқашан дайын екенін жеткізді.Өндірісте   алдыңғы қатарлы инновациялық   технологиялардың қолданылуы мен жоғары сапалы шикізаттың пайдаланылуының арқасында, зауыттың өнімі халықаралық стандарттардың ең жоғары талаптарына жауап беретін болады.

Мұнда жылына 12 мың шаршы метр, яғни 336 мың дана газобетон блогы шығарылады. Құрылыста тиімді болып келетін бұл өнімнің ені 30 см, биіктігі 40, ал ұзындығы 60 см.  Аталған кәсіпорынның өнімдері өңірде салынатын көпқабатты тұрғын үйлерде қолданылатын болады.

Қазығұрт ауданына жасаған сапары барысында облыс әкімі жылына 25-30 тонна тәтті өнімдер шығаруға қауқарлы жеке кәсіпкер Гүлзия Бейсебаеваның кондитерлік цехының жұмысымен танысып, жергілікті 10 адамды жұмыспен қамтып отырған іскер азаматшаның жұмысын оң бағалады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*