Мақтаралда асфальт-бетон өндіру зауыты салынады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында грециялық инвестор сағатына 200 тонна асфальт-бетон өндіретін зауыт салмақ. Аудандағы индустриалдық аймақта салынатын зауыттың жобалық құны 1 млн. АҚШ долларын құрайды.

Құрылысы келер жылы басталатын асфальт-бетон өндіру жобасының инвесторы грециялық NIOVI S.A компаниясы құрылтайшысы болып келетін «Soldatos» ЖШС-нің бас директоры А.Шынтаевты облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы қабылдап алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Бүгінде мемлекет тарапынан инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтқан әкім Оңтүстік — экономикалық әлеуеті зор, тұрақты дамып келе жатқан өңір екенін атап өтті.

«Аймақ — Орта Азия, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерін байланыстыратын жолдардың қиылысында орналасқандықтан бізде шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндіріс дамып келеді. Сондай-ақ, облыста 11 индустриялды аймақ пен жеңіл өнеркәсіп бағытындағы бір арнайы экономикалық аймақ бар. Облыста инвестиция тарту және инвесторларға бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсететін аймақтық даму институттары жұмыс жасайды. Институттар кәсіпкерлерге кеңес береді және қаржылық пен инфрақұрылымдық көмек көрсетеді», — деді өңір басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*