Мақтааралда сыртқы және ішкі инвестиция есебінен бірнеше өндіріс орындары ашылмақ

Мақтаарал ауданындағы «Soldatos» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры А.Шынтаев,  бұған дейін ауданда мобильді асфальт зауытын іске қосып, Қызылқұм ауылдық округінде орналасқан инспекторлық жолдарға асфальт беріп келгенін айтады. Сонымен бірге ол екінші желісін келер жылдың жаз айында аяқтауды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Айта кету керек, «Soldatos» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвесторлары Мақтаарал ауданындағы жобаны ғана жүзеге асырып отырған жоқ. Мұнан бөлек, Сарыағашта сағатына 150 тонна, ал Түркістан қаласында сағатына 200 тонна асфальт-бетон шығаратын зауыт салуды жоспарлап жатыр екен.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында сыртқы инвестициядан бөлек, ішкі инвестицияның есебінен де көптеген өндіріс орындары іске қосылуда. Дәлірек айтсақ, гигиеналық заттар мен полиэтилен шығаратын өндіріс зауыттарының жобалары да жүзеге аспақ. 38 гектар жерді алып жатқан ауданның индустриялды аймағында жұмыс істеп тұрған «Береке» мақта зауытынан басқа, мұнда келер жылы 4 жоба іске асырылады деп жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*