ОҚО-да «Қазтрансойл» АҚ-ның «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан шикізат тонауымен айналысқан 12 адам ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ҰҚК Департаменті және Прокуратурасының бірлескен жедел-тергеу тобымен «Қазтрансойл» АҚ-ның «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан шикізат тонауымен айналысқан 12 адамнан тұратын қылмыстық тобының құқыққа қайшы әрекеттерінің жолы кесілді.Ұрлау ОҚО-ның бірқатар аудандарында мұнай құбырын ойып ену арқылы орын алған. Мұнай құбырың күзетуін қамтамасыз еткен «КМГ-Секьюрити» ЖШС-ның қызметкерлері де құрамында болған қылмыстық топ 10-нан астам ұрлық фактісінің нәтижесінде жүздеген тонна мұнай өнімдерің жымқырылған. Сонымен қатар, құқыққа қайшы әрекеттерінің салдарынан қайта қалпына келтіру үшін ондаған миллион теңгені қажет ететін мұнай құбырларының физикалық және пайдалану ерекшеліктеріне нұқсан келтірілген.Ұрланған мұнай Шымкент қаласындағы және Облыс көлемінде орналасқан бірқатар асфальт және битум өңдейтін зауыттарының өкілдеріне сатылды, сонымен қатар көршілес аумақтарға шығарылып, өңделіп, контрабандалық жолдармен ҚР аумағынан шығарылып отырды.

2017 жылдың 22 қарашасында өткізілген күштеу операциясында қылмыстық топтың 10 мүшесі құрықталып, мұнайды ұрлауға және өткізу орнына дейін тасымалдауға арналған ойып ену құралдары мен тізбек-цистернасы бар жүк тасымалдаушы автокөлігі тәркіленіп алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 262-б. 1 және 2-тт. (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 188-б. 3 және 4-тт. (Ұрлық), сондай-ақ, 197-б. 3 және 4-тт. (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) қарастырылған қылмыстардың белгілері бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу шеңберінде өткізілген жедел-іздестіру және жасырын тергеу әрекеттері мұнай өнімдерін ұрлауға бағытталған қылмыс схемасын әшкерелеуге мүмкіндік берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*