ОҚО-да республикалық фермерлер одағының алқалы жиыны өтті

Биыл Қазақстан фермерлер Одағының құрылғанына 15 жыл толып отыр. Осы мерейлі мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында ғылыми конференция ұйымдастырылды. Облыстық фермерлер одағы мен ауыл шаруашылығы басқармасы  ұйымдастырған алқалы жиынға  республикалық фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дәрінов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының директоры Асқар Әбубакиров пен өңірдің барлық аудандарынан 600-ге жуық фермерлер қатысты.Шараның мақсаты  — агроөнеркәсіп  кешінінің дамуына кедергі болып отырған  өзекті мәселелерді анықтап,  фермерлерге барынша қолдау көрсету. Сол арқылы халықты сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамассыз ету. 

Жиын барысында мемлекеттік қолдаулардың қол жетімділігі, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, суармалы және жайылым жерлердің көлемін ұлғайту сынды көкейкесті мәселелер талқыланды.  Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған фермерлер осы бағытта өздерінің талап-тілектері мен ұсыныстарын жеткізді.  Мәселен, сарығаштық фермерлер жанар-жағармай бағасының күн санап шарықтап бара жатқандығын айтса, мақтаралдық диқандар бақша дақылдарына да субсидия берілсе деген ұсыныстарын айтты.  Ал түркістандық шарауалар агро саланы қаржылай қолдайтын «Агробанк» құрылса деген ұсыныс білдірді. Конференцияда айтылған барлық ұсыныстар фермерлер одағында  сарапталып, жауапты мемлекеттік органдарға хатпен жолданатын болады.    

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*