Қайрат Нұртас жары Жұлдыз Әбдікерімовамен дуэт болып ән салды (видео)

Елге есімі танымал эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова, өзінің «инстаграмдағы» парақшасында ұлы Қайраттың гострольдік сапардағы кезекті концертінде келіні Жұлдызбен қосыла ән шырқаған видеосын жариялады. Концерт шамамен Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында өткен болу керек. Қос жұптың орындаған жаздырған жаңа әні «Махаббатым менің» деп аталады екен.

суреттер Stan.kz сайтынан алынды

«Менің байлықтарым, жарқыраған жұлдыздарым сол! Алла бүлдіршіндерінің несібесіне, амандықтарымен біздерді қуанышқа бөлеп, өмірлерін ғұмырлы болуын қабыл етсін! Шынымды айтсам, Жұлдыз алғаш рет ән айтып тұр, бұрын соңды ән айтып көрмеген.Және бұл идея ойламаған жерден туындады. Қаншама жылдан бері, сұраныста болғандықтан, концерт жүргізуші ретінде Қайраттың жанына ертіп, көптен күткен елмен жақынырақ таныссын деген ниет еді бізде. Халық өте жоғарғы деңгейде Жұлдызды қарсы алып жатты. Арасында бір күн уақыт тауып, еш дайындықсыз болсақта, көз жұмып әнді жазып жібердік. Бар ойымыз, осыншалықты қошеметке лайықты тағы бір дүние тудырып сіздерді қуантуға тырыстық. Сол себепті кем-кетігі болса түсіністікпен қарарсыздар.Қалай болғанда да, әрбір отбасының санасына, жұптарын бағалауға үлес қосатын, өте мағыналы ән деп санаймын» деп жазады Гүлзира Айдарбекова «инстаграмдағы» парақшасына.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*