ОҚО-да бюджет ашықтығы индексі өлшенді

Қазақстанда кезекті рет жергілікті бюджет ашықтығы индексін өлшеу жұмыстары жүргізілді. Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті бюджет индексінің ашықтығы көрсеткіші бойынша мүмкіндікті 33,57 балды құрады. Бұл көрсеткіш зерттеу жүргізілген 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларының ішінде орта 39,68 баллдан да төмен. Оңтүстік Қазақстан облысының индексі Қызылорда облысынан жоғары (24,93 балл), бірақ Жамбыл облысынан төмен (40,51 балл). Қазақстан Ұлттық бюджет желісінің сарапшысы Шолпан Әйтенованың айтуынша 2017 жылы 33,69 балл алған Оңтүстік Қазақстан облысы 2015 жылы жергілікті бюджет ашықтығының индексі бойынша қол жеткізген 42,69 баллға да жете алмаған әрі жағдайды да жақсарта алмаған. Ағымдағы іскерлік және тексеру комиссиясы жұмысының нәтижесі бойынша ақпараттың ашықтығы жоғары деңгейде екендігі байқалады. Облыстық тексеру комиссиясының өзінің сайты бар, онда жылдық тексеру жоспары жарияланып тұрады. Бақылау шараларының нәтижесін және жылдық есепті де жариялап отырады. Соның нәтижесінде бюджет өсімінің ашықтығы артып отыр.
Зерттеуші Жанар Монтаеваның айтуынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы орындаушы органдар аталған құждатты жариялап отырады және оның көрілім нәтижесін де беріп отырады, қолжетімді ақпаратқа егжей-тегжейлі талдау жоқ және қол жеткен нәтижелердің талдауы жоқ. Сарапшыларлардың ұсынысы бойынша жергілікті бюджет ашықтығы индексін жақсарту үшін бюджет туралы нақты және өзекті ақпаратттық жарияланымдар жасау қажеттігін атап өтті. Азаматтарды бюджет жобасын талқылауға қатыстыру және мәслихат депутаттарының іскерлігі жайлы БАҚ-та кеңінен жаряиланымдар жасау қажеттілігі айтылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*