ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН САҚТАУ БОЙЫНША АРНАЙЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Қоғам тұрақтылығын сақтау мәселесі бойынша Тұран ауданы, Құрсай және Қазығұрт шағын аудандарының жастарымен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында кездесу өтті.
Кездесуде жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтар, Отан алдындағы әскери борышты өтеу, оларды отансүйгіштікке баулу мәселелері қозғалып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ұлт араздығы мен діни түсініспеушіліктердің алдын алу мәселесі жөнінде түсініктер берілді.

Қазақстанхалқы Ассамблеясының қызметі туралы айтылды.  Біздің қоғамдат ұрақтылықтыс ақтау, бір-бірімен қатар өмір сүретін халықтардың тату көршілік қарым-қатынасын нығайту қазір бұрынғыдан да маңызды.

Қазақстан халқының бірлігіне төнген қатерлерге қарсы тұру – мемлекеттік маңызы бар іс, ортақ мүддеміз. Кез келген ұлттың ортақ мүддесі болады. Ол – мемлекеттілікті нығайту, тәуелсіздікті сақтау, ұлттық тіл мен мәдениетті дамыту, қорғаныс қабілетін арттыру, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіп-қатерлерге төтеп беру, ортақ рухани бағдарға жету. Біздің ортақ мүддеміз – Отанды, елдікті, тілімізді, тарихи түрде қалыптасқан ұлттық ерекшелігімізді сақтау, ғаламданудың зиянды жақтарынан сақтану.

Жиын барысында сөз алған спикерлер жастар көтерген мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*