Шымкенттіктер мамандандырылған ХҚО-да алдын ала тестілеуден өте алады

Автоәуесқойлар жол қозғалысының теориясы бойынша алдын ала тестілеу емтиханын  мамандандырылған ХҚО-да тапсыра алады — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі

Жыл басынан бері  үш мыңға жуық шымкенттік осы мүмкіндікті пайдаланып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімін тексерген.

Енді әрбір үміткер емтихан тапсырар алдында өз білімін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ақылы түрде тексере алады. АвтоХҚО-ның практикалық автодромы аптаның алты күнінде де жұмыс істейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабековтің айтуынша, үміткер бірінші рет жүргізуші күәлігін алу үшін екі емтихан тапсыру қажет. Біріншісі – теориялық емтихан, ол 40 сұрақтан тұрады, ал  практикалық емтиханды  автодромда тапсырады. Жүргізуші куәлігін алуды қалайтындар үшін 3 ретке дейін емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі. Егер үшеуінен де сәтсіз өтсе, келесі емтиханды тек алты айдан кейін тапсыруға болады.

Естеріңізге салайық, бүгінде жүргізуші куәлігін алғаш алатындардан  автомектепте оқығаны туралы куәлік талап етілмейді.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 3  мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді.  Ақылы негізде көрсетілетін қызметті Достық ш.а. орналасқан  мамандандырылған ХҚО-да тапсыруға болады.

Жылдың басынан бері 3 мыңға жуық  шымкенттік автоматтандырылған автодромда автокөлік жүргізу қызметтерін пайдаланған.  Сонымен қатар жыл басынан бері  31 мыңнан астам жүргізуші куәлігі беріліп, 218 мыңға жуық автокөлік тіркелді.

«Азаматтарға арналған үкімет»

МК КЕАҚ Шымкент қ. бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Алтынай Татаева

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*