Түркістан облысында жаңа жобалардың жүзеге асуы негізгі капиталға инвестиция салу ғана емес, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарының ашылуын, білім мен жаңа технологиялар трансферті арқылы аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге жол ашады. Панельдік сессия соңында Түркістан облысының делегациясы ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм және жаңартылатын энергетика саласындағы жетекші корпоративті инвесторлармен 25-тен астам «G2B» кездесулерін өткізді. Іс-шара аясында «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағына үздік еркін экономикалық аймақ құрғаны үшін «Global Free Zones of the Year 2019» сыйлығы берілді. Түркістан облысының делегациясы бүкіл әлем бойынша инновациялық шешімдерді ұсыну және инвестициялар тарту бойынша іскери ақпараттың танымал әлемдік көзі болып табылатын Financial Times-пен одан әрі ынтымақтастықты дамытуды және бірнеше жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта Британдық инвесторлар мен туристердің аймақпен танысу және тараптар арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайту мақсатында Түркістан облысына сапары күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТҮРКІСТАН ДӘРІСТЕРІ» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуы жоғары деңгейде жүзеге асуда. Осыған орай бүгін Мақтаарал ауданында облыстық қоғамдық даму басқармасының бұрындық болуымен «Рухани жаңғыру: Түркістан дәрістері» кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты — «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ел […]
ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 9 ЖӘНЕ 7 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ
Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жалғасып жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Түркістан қаласындағы үйлердің құрылыс алаңын аралап көрді. Алдымен әкім әкімшілік-іскерлік орталықта салынып жатқан 9 қабатты 7 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Үйдің санынан […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ ЕГІС КӨЛЕМІ 800 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСАДЫ
Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 825,4 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірде егістікті әртараптандыруға сәйкес, көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі — […]
Пікір қалдыру