Түлкібас ауданынының атқа мінер азаматтары филология ғылымдарының докторы, Абайтанушы Мекемтас Мырзахметовке шығармашылық үйін салып берді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Мекемтас ақсақалдың туған жері Мичурин ауылынан бой көтерген 5 бөлмелі баспананың құны 8 миллион теңгені құрайды. Шығармашылық үй заман талаптарына сай. Үй іргелік аумағы да толығымен қоршалып, абаттандырылған. Демеушілердің қолдауымен салынаған баспананы күні кеше аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков салтанатты түрде Мекемтас Мырзахметовке тарту етті.
«Халқымыз үшін бір туар азамат Мекемтас Мырзахметовты өздеріңізге таныстырып жатудың өзі артық. Ағамыздың ғылымдағы еткен еңбегі, істеген ісі орасан. Ұлтымыздың тарихын тереңнен зерттеп жүр. Елдің адамы болғаннан кейін соңғы кездері Түркістан, Тараз бен Шымкенттің аралығында көп жүргенін біліп, демеушілеріміздің ұсынысымен ағамызға өзінің туып өскен жерінен баспана соғып тарту етсек деген ниет болған. Сол ниетіміз бүгін іске асып отыр. Мекемтас аға сіздің жазғаныңыздан, жазарыңыз мол. Осы үйде біршама дүниелерді жазады деген үмітіміз бар. Сол шығармаларыңызды алдағы уақытта кітап қылып баспадан шығарамыз деген үмітіміз бар. Бұл шаңыраққа тек тойға, жақсылыққа келейік»- деді Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков.
Пікір қалдыру