Шымкенттегі этномәдени бірлестіктер өкілдері Елбасыға алғыс жолдады

Еліміздің мерекесі -1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Қазақ халқында «Ынтымақ жүрген жүрде, ырыс бірге жүреді» деген сөз бар. Елбасы айқындаған сарабдал саясатты ұстанып,берекелі бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды арттырдық. Іргелі мемлекет болып қалыптасып, өзгемен тереземізді теңедік, тұрмысымызды түзедік, тарихымызды түгендедік.  Бүгінде татулық пен тұрақтылық орныққан ортақ Отанымыз – Қазақстан ынтымақ ұясына, татулық төріне айналды.
Мемлекетіміздің қарқынды дамуына тұрлаулы саясат пен ішкі бірліктің арқасында қол жеткіздік. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялап, тағдыры ортақ біртұтас халқымыздың татулығын сақтау – басты мұратымыз болып белгіленді.
Тәуелсіздіктуын асқақтатып, келешегінің кемелденуінде әрбір азаматтың қосқан үлесі бар. Солардың ішінде Елбасы сіңірген еңбектіорасан деп білемін!
Баршамыз ардақ тұтқан кемеңгер тұлға Нұрсұлтан Әбішұлын Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтай отырып, еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріне табыстар тілеймін!

Асанов Латипша Каймаханович
Шымкент қаласы «Ахыска»
түрік этномәдени орталығы
қоғамдық бірлестігінің филиалының
төрағасы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*