Түркістан облысы Мақтаарал ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай, яғни су басу салдарынан 620 үй су астында қалған.
Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені: Жаңа-Тұрмыс ауылында (46 үй), Жеңіс ауылында (130 үй), Фирдоуси ауылында (250 үй) және Өргебас ауылында (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінгі күнге бұл орындарға орналасқан адам саны 7000 -ға жетіп отыр.
Эвакуациялық бөлімдерге жайғасқан тұрғындарды міндетті түрде 120 медицина қызметкерлері тексеруден өткізуде. Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елімекендеріне 5 блок-бекет қойып, аталған ауылдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. Ұрлық және бөтеннің мүлкін жымқыру секілді қылмыстардың алдын алуда.
Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған.
Жағдай ұдайы тұрақты бақылауда, барлық қажетті көмек уақытылы көрсетіліп жатыр.
Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі
Пікір қалдыру