Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз — Абай күні болып ресми түрде жарияланды. Бұл — Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында орын алып отырған тарихи шешім.
Осыған орай, Кентау қаласындағы Абай ескерткішінің алдында мерекелік іс-шара болып өтті. Аталмыш шара ұлы тұлғаның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.
Мерекелік шараны облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Абуов ашып, облыс жұртшылығын мерекемен құттықтады.
— Біз бүгін қазақ руханияты үшін аса маңызды оқиғаның бастауында тұрмыз. Біз Абайды дәріптеу арқылы келешек буынның бойына патриоттық сезім мен адами қасиетттерді дарыта аламыз. Бұл күн тек Абай күні емес, тұтастай қазақ әдебиетінің, қазақ руханиятының күні деп айтуға болады. Себебі, Абай есімі қазақтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ұлы ұғым ретінде қалыптасты».– деген Қ.Абуов мереке қарсаңында бүгін бастауын алатын іс-шаралар жыл бойына жалғасып, облыс көлемінде атап өтілетіндігін жеткізді.
Сонымен қатар, мерекелік шараға қала әкімінің орынбасары Бекайдар Әлімбетов, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Төрехан Сүлейменов және зиялы қауым өкілдері қатысып, Абай шығармашылығы жайлы келелі ойларымен бөлісті.
Мерекелік жиында өнерпаз жастар Абай әндерін орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Пікір қалдыру