Түркістан: Мақтааралдағы зақымданған егістік алқаптың 50 пайызы қалпына келтірілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың егістік алқасының 50 пайызы қалпына келтірілді.  Мақтаарал ауданы аумағында жалпы 994 агроқұрылымға тиесілі 5695 гектар егістік жер тасқын судан зақымданған болатын. Оның ішінде мақта — 3939,4 га, қауын-қарбыз — 801,2 га, жүгері — 74,75 га, жоңышқа 22,75 га, жеміс ағашы (шабдалы) — 4 га, қырыққабат — 2,22 га және агротехникалық шаралар атқарылған егістік жерлер — 850,64 га құраған.
Егістік алқаптарды қайта қалпына келтіріп, егін егу жұмыстарына көршілес Өзбекстан мемлекетінен жалпы 42 ауыл шаруашылығы техникалары көмекке келді. Оның ішінде 17 дана чизель, 13 дана дән сепкіш (сеялка), 11 дана жүйеаралық баптағыш агрегаты (культивартор) және 243,6 тонна тұқымдық шит жеткізілген.
Қазіргі таңда суы тартылған егістік жерлердің 3083 гектар қайта өңделіп, 3030,5 гектар аумаққа түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Атап айтқанда, мақта — 2528,4 га, қауын — 146,25 га, жүгері — 13,8 га, күріш — 342,1 га. Алдағы уақытта тасқын судан зақымданған егістік алқаптарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасатын болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*