МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 ай ішіндегі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.
Мемлекет басшысына қала инфрақұрылымының қалыптасуы, бөлшек сауданың даму барысы, Жұмыспен қамту жол картасы аясында қалада жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндалды.
Қала әкімінің айтуынша, еліміздің үшінші мегаполисінде 226 жобаға 45,3 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, оның 80 пайызы игерілді. Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша коронавирус пандемиясының ықтимал екінші толқынына қарсы бірқатар дайындық шаралары қабылданған.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қаладағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға бере отырып, үшінші мегаполис атанған шаһарға инвестиция тарту ісін жіті назарға алуды тапсырды.Сонымен қатар, қолжетімді көп қабатты тұрғын үй құрылысын одан әрі жандандыруды және жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды.

Айта кетейік, қаладығы бір ауданның өзінде 13 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.

Ақпарат көзі: akorda.kz.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*