«Asia Trafo» – қазақстандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндірушісі құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт.
Зауыт 2018 жылдың желтоқсанында іске қосылды. «AsiaTrafo» Шымкент қаласының «Тассай» индустриялық аймағында 2 га аумақта орналасқан, 250 адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Ұйымның өз қызметкерлерінің қабілеттілігін дамыту негізгі факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан жаңа қызметкерлерді оқыту, өндірістегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру қолға алынған. Біліктілікті арттыру үшін Украина мен Ресейден шетелдік мамандар шақырылды. Электрондық құжат жасау барысында және қызметкерлерді жіті бақылау кезінде көңіл-күйіне, өзін ыңғайлы сезінуіне аса мән береді. Себебі, өтінімді қабылдаудан бастап, әрбір трансформаторды өндіру циклін қадағалау үшін мүмкіндік береді. Еңбек шартының қауіпсіздігін және жайлылығын жасау үшін кәсіпорында бизнес-үрдістерінің қызмет көрсетудің жаңа жүйесі әзірленді және енгізілді. Қызметкерлер үшін жайлы әлеуметтік тұрмыстық шарттар жасалды: заманауи асхана, демалыс орны, жабдықталған киім ілетін орын, мәжіліс залы, спорт залы, аумақта заманауи жоспарлауымен және демалыс орын тұрағымен аз отбасыларға пәтерлі жатаханасы бар.
Зауыттың негізгі шығарылатын өнімдері автотрансформаторлар, күштік май трансформаторлары, сондай-ақ қуаты 500 МВА дейінгі кернеуі 110, 220, 500 кВ реакторлар болып табылады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 12 000 МВА-дан асады.
Зауыт өнімдері тек ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар шетелде де сұранысқа ие. Қазақстанның Шымкент, Түркістан, Павлодар, Өскемен, Ақтау, Қарағанды, Атырау, Астана сияқты трансформаторлық қосалқы станцияларында орнатылды. AsiaTrafo жыл сайын ТМД нарығына, сондай-ақ Грузия мен Украинаға кернеуі 110 кВ және одан жоғары трансформаторлық жабдықтардың экспорттық жеткізілімдерінің санын көбейтуде.
Шымкент қаласында Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары тұрғындармен бірге ауқымды экологиялық «Таза қала» акциясына қатысты. Бұл шараның негізгі мақсаты – қоғамдық орындарды тазарту, абаттандыру жұмыстарын жүйелеу және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. […]
Шымкент қаласында полицейлер тұрғындар мен той ұйымдастырушыларына түнгі тыныштықты сақтау мен қоғамдық тәртіп ережелерін бұзбау қажеттігін ескертті. Соңғы кездері қала тұрғындары тарапынан түнгі уақытта отшашу ату, қатты әуен қосу, көлік дабылын басу секілді шағымдар жиілеп […]
«Qamqor» бағдарламасына өтінім беру 25.09.2023ж. аяқталады! Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, НИМ ғылыми қызметкерлері, ХҚК қызметкерлері, энергетика саласы , мәдениет және спорт қызметкерлері, журналистер, мемлекеттік қалалық ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады. […]
Пікір қалдыру