Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, бюджеттен 8,7 млрд.теңге бөлініп, 200-ге жуық сауда орындарында бірінші қажетті азық-түлік тауарлары нарықта төмен бағада сатылып келеді.
Айта кетейік, «азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» қала әкімінің қаулысы қабылданып, азық-түлік сататын кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру механизмі жүргізілген болатын.
«Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан қарыз алушы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады. Тексеру барысында ондағы әлеуметтік маңызы бар азақ-түліктердің төмен және тұрақты бағада сатылып жатқандығына көз жеткізген.
Атап айтқанда, олар «Магнум» сауда желісінің саны – 31, «Грамад» сауда желісіның саны – 24, ет өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтарының нүктесі – 10, ірі базар аумақтарында орналасқан көкөніс өнімдерін сататын жылжымалы сауда нүктесі – 6, халықтың тығыз орналасқан аймақтарындағы үй маңындағы кіші дүкендер – 129.
Қазіргі қоғамда халықтың қымбатшылықтан сескеніп қалғанын байқауға болады. Сондықтан да, саудагерлер тарапынан бағаны негізсіз өсірмеуін жіті қадағалауға алып отырамыз, бағаны тұрақтандыруға басқа да қажетті шараларды алдағы уақытта ұйымдастыратын боламыз дейді жауаптылар.
Қазіргі уақатты қала бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, баға тұрақты бақылауда.
Апта сайын жергілікті тауар өндірушілерімен шаруа қожалықтарының және көтерме сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда, жыл басынан бері 300 жәрмеңке өткізілді.
Шымкент қаласы аумағында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті кең ауқымды түсіндірме іс-шара — «Абайлаңыз балалар» атты акциясы өткізілуде. Басты назар мектеп жасындағы балалардың жолда жүріс-тұрыс мәдениетін арттыруға және олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын […]
В Шымкенте по распоряжению начальника Департамента полиции города прошло профилактическое мероприятие «Таза қала» («Чистый город»). Его главной целью было укрепление общественного порядка, повышение уровня благоустройства и формирование у горожан культуры бережного отношения к городской среде. […]
Шымкент қаласында жастар мен жасөспірімдерге өмірлік маңызды шешімдер қабылдау кезінде дұрыс таңдау жасаудың маңызын түсіндіруге бағытталған ерекше кездесу ұйымдастырылды. «Саналы таңдау – жарқын болашақ» деп аталған шараға студенттер, оқушылар және ұстаздар жиналып, олар қоғамдағы жауапты […]
Пікір қалдыру