Шымкент қаласы Темірлан тас жолы бойындағы Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылып отыр. Еліміздегі автомабиль жолдарының құрылысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалған емес. «Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр», деген болатын. Мемлекет басшысының өңірді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жол құрлысы мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылыстар қарқын алған. Алащ базар маңындағы жер асты өткелі жол кептелісін болдырмау және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін қолға алынып отыр. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков “Алаш”, “Бекжан” базарлары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысымен танысып, жұмыс барысын бақылап қайтты.
Темірлан тас жолы және А-2 автожолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің техникалық-экономикалық көрсеткішіне тоқталсақ, тоннель ұзындығы 46,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метр. Бүгінде құрылыс жұмыстарының орындалуы 80 пайызды құрап отыр. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
“Бекжан” базары маңында А-2 автомобиль жолы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша тоннель ұзындығы — 24 метр, ені 4 метр, биіктігі 2,5 метр құрайды. Жұмыстар 45 пайыз орындалған, осы жылы халық игілігіне беріледі.
Қала әкімі жауаптыларға өткелдер құрылысын сапалы әрі өз мерзімінде атқару бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен жергілікті және Түркістан облысы Төлеби мен Отырар аудандарының тауарөндірушілерінің бірлескен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 60-тан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 113 миллион теңгені құрайтын 78 тонна […]
9 қараша күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №59 жалпы орта мектебінде дәстүрлі сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шара республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілді және мектеп ұжымы жоғары белсенділік танытты. Сенбілікке мұғалімдер, мектеп қызметкерлері және техникалық […]
Бұл жөнінде «Қазпошта» АҚ Шымкент филиалының директоры Бақытжан Ысқақов мәлімдеді. Ол үшін пошта бөлімшесіне келіп арыз қалдырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, онлайн арыз жазу керек емес. Бар болғаны қоңырау шалып, зейнетақыны үйге алдыруға болады. «Бүгінде зейнеткерлеріміз біздің […]
Пікір қалдыру