Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Білім беру мен денсаулық сақтау» мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде аталған кеңестің төрағасын сайлау мәселесі қаралды.
Партия филиалы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес төрағасы Е.Серкебаевтың төраға лауазымынан өз еркімен босату туралы арызы негізінде, кеңес төрағалығына қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаевтың кандидатурасын кеңес мүшелері бірауыздан қолдап, қалалық филиалдың саяси кеңес бюросына ұсынылды.
— Партия филиалы жанындағы аймақтық кеңес үш жылдан астам уақыт ішінде Президент пен партияның сайлауалды бағдарламаларының орындалуына тұрақты мониторинг жүргізіп келді. Партия төрағасының тапсырмасына сәйкес, аймақтық кеңестер қоғамды толғандырған тақырыптарды анықтап, оларды уақтылы көтеріп, проблемалық нысандарға бара отырып, күрделі мәселелерді шешуге атсалысуда. Аталған кеңес жұмысы республикалық дәрежеде жоғары бағаланып отыр.
Осы уақыт аралығанда кеңес төрағасы ретінде ауқымды жұмыстар атқарған Есенбек Салдарбекұлына алғысымды білдірдім. Ал Талғат Дүйсебайұлының жаңа бастамасына сәттілік тілеп, кеңес жұмысын одан әрі жандандырып, партияның бағдарламаларын іске асыруда белсенділік танытады деген сенімдемін, — деді Ж.Бектаева.
Айта кетейік, отырысқа фракция жетекшісі Қ.Имашев, партия филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Е.Байқонысов, кеңес төрағасы Е.Серкебаев, кеңес төрағасының орынбасарлары Т.Балтабаев, Б.Нұрмашев, кеңес мүшелері Б.Аширбаев, Ә.Маймақов, С.Мыңбаев, Т.Нишанбаев, А.Қылышбаева, Д.Жұмаділова, Ә.Сәбитова және кеңес хатшысы Ф.Хикметова қатысты.
Пікір қалдыру