Өткен жылы Бадам тұрғын алабы газбен қамтылған болатын. Биыл Тоғыс, Жыланбұзған, Елтай, Айнатас, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Бадам, Қаратөбе, Оңтүстік-Жаңақұрылыс, Бадам, Бадам-2 және Оңтүстік елді мекендерінде құбыр тарту жұмыстары жүріп жатыр. Келесі 2023 жылы Шымкентте 8, 2024 жылы 12 елді мекен табиғи газбен толық қамтылады деп жоспарланған.
Аймақтың Ақтас кентінде тозығы жеткен магистральдық су құбырының мәселесі шешіледі. Сондай-ақ, мұнда газ келеді. Көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
Құрылыс жұмыстары былтыр басталып, мерзімінен кешіктірілмей 16,7 шақырымға газ құбыры тартылып бітті. Нәтижесінде аталған аймақтағы 1380 тұрғын көгілдір отынмен қамтылып отыр.
Ескерер жәйт, тұрғындар «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан техникалық шарт алулары тиіс.
Қазіргі уақытта Ақтас елді мекеніндегі құжаттары дайын тұрғын үйлерге рет-ретімен газ берілуде.
Айта кетейік, жалпы 2025 жылы мегаполис тұрғындарын 100 пайыз көгілдір отынмен қамту жоспары бар.Қазір табиғи газбен шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сі толық, ал 31 елді мекен жартылай қамтылған. Жыл соңында Тұран магистралды газ құбырының құрылысы мен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Сауле, Көкбұлақ, барлығы 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталады. Нәтижесінде қаладағы 20 мыңға жуық адам табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді. Ал, 2025 жылы мегаполис тұрғындарының 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылуы жоспарлануда. Шымкент қаласын газбен қамту көрсеткішін 2022 жылы 94,7 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру