Қаратау ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нұрсәт шағынауданындағы Измир көшесінде жаңа аллея құрылысы қолға алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шағын аумақта тұрғындардың демалыс уақытын өткізуге арналған арнайы орындықтар, көгалдандыру жүйелері мен жарық шамдары, ақпараттық тақтайшалар орнатылған.
Аллея құрылысы қазан айының соңына дейін аяқталады.
Қалада немесе ауданда жаңа аллеялар санын көбейтудің бірқатар оң аспектілері бар:
-Инфрақұрылымды дамыту: Аллеялар жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қауіпсіз қозғалысын жеңілдететін жаяу жүргіншілер жолы ретінде қызмет ете алады.
-Қоршаған ортаны жақсарту: Аллеяларға ағаштар мен өсімдіктерді отырғызу қалалық ортаның экологиясы мен аэрациясын жақсартуға көмектеседі.
-Демалыс орындарын құру: Аллеялар демалуға, пикниктерге, дене шынықтыруға және бос уақытты өткізуге тамаша орын бола алады.
Сонымен қатар, Еңбекші ауданында 26 көпқабатты үйдің ауласы мен балалар ойын алаңшаларын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген болатын. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған. Бүгінде аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Атап айтатын болсақ, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды. 2023 жылдың І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде.
«Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысқан тұрғындардың ұсынысымен ауданда 34 балалар ойын алаңы мен 7 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Сондай-ақ тұрғындар өтінішіне сәйкес 8 гүлзардың құрылысы бітіп, пайдалануға берілетін болады.
«Елімізде ауқымды аэро-геофизика зерттеулері әбден ескірген. Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді. Мұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады. […]
Қазіргі қоғамда адамның психологиялық саулығы – ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Соңғы жылдары жаһандық деңгейде өзектілігі артып келе жатқан мәселелердің бірі – суицидтің алдын алу. Әсіресе жастар мен әскери қызметкерлер […]
Шымкент жастары 100 мұқтаж отбасыға азық-түлік себетін таратты. Қаладағы төрт аудан бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан тізім жасалып, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» игі шараға ұйытқы болды. Аталған орталық бұл «Жанға жылу» акциясы аясын жүйелі […]
Пікір қалдыру