Шуақты Шымқала заман талабымен үндесіп, көркейіп келеді. Осы бағытта мегаполис аумағында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Тазалықты сүйетін қатысушы азаматтар шаһарымыздағы көше, аула бойлары, өзен жағалауларын қалдық — қоқыстардан тазартып, ағаш түптерін әктеп, ортақ үйіміздің әсемденуіне бір кісідей атсалысты. Халықпен бірге болып, мерекелік көңіл күйде арық атыздарды тазалап, бұлақтардың да көзін ашты.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен қолға алынған «Таза қала өзіңнен басталады» акциясы аясындағы бүгінгі сенбілікте Фосфоршылар сарайының аумағын 1000-ға жуық адам қоқыстан тазартты. Тазалық шараларына қала әкімінен бастап мемлекеттік қыметшілер, кәсіпкерлер, еріктілер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер мен тұрғындар белсене қатысты.
—Фосфоршылар сарайының төңірегі жабайы тоғайға айналғаны туралы көптен бері мәселе көтеріп, аудан мен қала әкімдеріне жеткізіп келдім. Осынша уақыттан кейінгі жан-айқайымызға Ғ.Сыздықбеков құлақ түріп, міне бүгін өзі бастап сенбілік ұйымдастырып отыр. Бір кездері мәдениеттің ошағы болып, бүгінде қараусыз жағдайға жеткен сарайдың айналасы тазарғанына қуанып отырмын, — дейді шаһардың белсенді ардагері Өркен Әбдіреев.
Төрт секцияға бөлінген аумақтағы жұмыстарға аудандық коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 50-ден астам техника жұмылдырылды. Ал жалпы қала аумағындағы тазалық жұмыстарына 60 мыңға жуық адам үлес қосты.
—Бүгін қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтын азаматтардың көмегімен бұл аумақта тазалық жұмыстары атқарылып жатыр. Жалпы, осындай сенбілік қаланың әр нүктесінде тұрақты ұйымдастырылатын болады. Одан кейін тазаланған орындарға ағаш көшеттері отырғызылады, — дейді қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әбілқайыр Оңғар.
Бұл бағыттағы шаралар барлық аудан аумақтарында тұрақты түрде әр сенбіде ұйымдастырылады. Қураған ағаштардың орнына жасыл желектер отырғызылып, тазарған аумақтар көгалдандырылады. Акция қазан, қараша айында жалғасады.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек, ауданның тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, абаттандыру жұмыстарын жүргізу мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Осы бағытта аудан әкімдігінің мәжіліс залында арнайы жиын өткізіліп, оның барысында ауданның абаттандыру мәселелері кеңінен […]
Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істер басқармасы мен ҚР Журналистер Одағының қалалық филиалының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. […]
Пікір қалдыру