Сондай-ақ республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлініп, 4,5 шақырымды құрайтын жылу жүйелеріне қайта құру жұмыстары толық аяқталған көрінеді. Жалпы мамандардың бір ескертетіні, жылу берілген үйдің пәтер иелері жоғарғы қабаттан немесе пәтер ішінен ауа шығару жұмыстарын толығымен жүргізу қажет екендігін ескертеді.
Бұдан бөлек, сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісім-шартқа тұрмаған көпқабатты тұрғын үй тұрғындары жарамсыз құбырлары мен тағы басқа материалдарын қамтамасыз еткен жағдайда «Қуатжылуорталық-3» мекемесі тиісті жұмыстарды атқаруға дайын екендігін айтады. Сондай-ақ қала тұрғындары үшін жылу маусымында орын алған ақаулықтарды оперативті түрде жөндеу үшін өтінімдерді қабылдау бойынша диспетчерлік қызмет пен бірыңғай «I-Komek-109» орталығы іске қосылып, қазіргі таңда 24/7 форматында жұмыс жасауда.
Шуақты қаламыздың ауа-райының қолайлығына байланысты жылу жүйесі кезең-кезеңімен қосылып отырады.
Пікір қалдыру