Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Арманда» бизнес форумының жетекшілері — медиаменеджер, қоғам қайраткері Арман Давлетяровпен, белгілі дінтанушы Нұрлан Байжігітұлымен, қоғам қайраткері, журналист Ләйлә Сұлтанқызымен, белгілі продюсер Жан Мұқановпен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жастарды кәсіпкерлікке баулу, отбасы құндылықтарын дәріптеу, тұлғалық даму мәселелерін қамтыған іс шараның спикерлері форумның өзектілігі мен маңыздылығына тоқталып, тың тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, жиында жойылуға таяу мамандықтар мен сұранысқа ие қызмет түрлері жөнінде кең мағлұмат берілді. Спикерлер өмірлік тәжірибелерін айтып берді. Отбасы құндылығы, гендерлік теңдік және әйелдің қоғамдағы рөлі туралы тақырыптар қозғалды. Дін мен ұлттық салт-дәстүрді ұштастыру, ұлттың болмысына сай жастарға әдет-ғұрыпты дәріптеу тетіктері де талқыға салынды. Қатысушылар түрлі сауал қойып, емін-еркін диалог өрбіді.
Форумның мақсаты – өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеру, жаңа бизнес түрлерін меңгерудің тетіктерін жеткізіп, бренд қалыптастыруда, тұлғалық дамуда жаңа ізденістерді талқылау. Іс шара жетекшілері бизнесті өркендетуде мегаполистің мүмкіндіктеріне тоқталып, жергілікті халықтың кәсіпкерлік саласында белсенділігін ерекше атап өтті.
Қала басшысы спикерлерге алғысын жеткізіп, Шымкентті дамытуға, жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа бастамаларға қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ форум спикерлері қала аумағындағы әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды аралап, жергілікті зауыт-фарбрикалардың тыныс-тіршілігімен танысады. Сонымен қатар қала жастарымен кездесіп, кәсіпке баулу тетіктері бойынша шеберлік сабақтарын өтеді.
Бүгін 9 -қараша Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен қала тұрғындары, сондай-ақ ерікті жастар да белсене қатысты. Сенбіліктің мақсаты — қаламыздың тазалығын […]
Жастарды еңбекке, қайырымдылыққа және белсенділікке баулу қазіргі қоғамның аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл процесс тек жеке тұлғаның дамуы мен әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы бірлікті нығайтуға, азаматтардың өзара қолдауын арттыруға […]
Бүгін Шымкентте жалдамалы тұрғын үйде тұратын 12 баласы бар ата-ана кәсіпкерлерден сыйлық ретінде үш бөлмелі пәтер алды. Осындай кең ауқымды іс жасаған кәсіпкерлер – қаладағы танымал кәсіпкер Қайрат Молдасеитов басқаратын Шымкент қаласы Кәсіпкерлер Палатасының Өңірлік […]
Пікір қалдыру