ТІЛСІЗ ЖАУМЕН АЛЫСҚАН БАТЫРЛАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ

Қаламызда Ақпараттық-коммуникациялық орталығында 19 – қазан Құтқарушылар күні мерекесіне орай, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз алаңында аталған мереке аясында сөз қозғалды.
19 қазан – 1995 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтқысыз еңбек етіп келеді.
Мемлекеттік маңызы бар қызмет жүйесін жасау үшін 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы құжат негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленді.
Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды. Апатқа ұшырағандарды құтқарып, алғашқы жәрдем көрсетеді.
Бүгінде құтқарушылар төтенше жағдайларды жою жұмыстарына қатысуға дайын болу үшін арнайы, медициналық, психологиялық әзірлігін, авариялық-құтқару құрылымдарының құрамындағы қызмет дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады.
Құтқарушылардың жұмысы өз өміріне қауіпті болып келеді. Дегенмен олардың алға қойған басты міндеті – халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осы ретте, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінде 9 өрт сөндіру бөлімі және 5 ауданда төтенше жағдайлар басқармасы жұмыс істейді. Ондағы қызметкерлердің саны 900-ге жуық. Аталған департаментте 114 бірлік, арнайы және қосалқы техникалары бар.
Биылғы жылдың 9 айында департаменттің шұғыл қызметінің телефондарына 101, 112-ге 200 мыңнан астам әр түрлі қоңыраулар түскен. Өрт сөндіру бөліністері шұғыл шығуларға 2 547 рет, өрт сөндіруге 2169 рет, өрт ретінде есепке алынбайтын жану жағдайларына 2020 рет, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 348, іздестіру құтқару жұмыстарына 6 рет халыққа көмек көрсетуге 234 рет шыққан.
Қала аумағында 179 төтенше жағдай мен оқиға бойынша тіркелсе, оның ішіндегі
47-і адам зардап шеккен. Құтқарылған 234 адамның 155-і бала.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*