Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 25-қазан – Республика күніне орай, жас жазба ақындар арасында республикалық «Күміс қалам-2023» поэзиялық кеші өтті.
Үшінші рет ұйымдастырылып отырған поэзиялық кеш — жастардың ынтасын арттырып, ақындардың шабытын ашуға зор мүмкіндік береді.
Кешті ашып беруге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов арнайы келіп, барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, үлкен додада бақ сынасқалы келген жас қаламгерлерге сәттілік тіледі.Алғаш болып Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы Асылов сөз алып, жас қаламгерлерге сәттілік тіледі. Ережеге сәйкес поэзия кешіне республика бойынша 16 жас ақын қатысып, авторлық өлеңдерін ортаға салды. Үш кезең бойынша ақындар бір-бірімен жұптасып, түрлі тақырыптарда жыр шумақтарын оқып, поэзия кешінің көркін қыздыра түсті.
Қазылар алқасы құрамында Ақын, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Ана тілі газетінің редакторы, қазылар алқасының төрағасы Ерлан Жүніс, Ақын, Алаш әдеби сыйлығының иегері Ханбибі Есенқарақызы, әдебиеттанушы, ұстаз, аудармашы Абай Қалшабек, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Танакөз Толқынқызы, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Әлімжан Әлішер болып, жас қаламгерлердің шығармашылығына әділ бағасын берді.
Бекітілген кестеге сәйкес 14 пен 35 жасқа дейінгі жастар қатарынан іріктеу кезеңіне 16 жас ақын жолдама алған. Олар 4 кезең бойынша бақ сынады.
I орын “Күміс қалам-2023” жас ақындар мүшәйрасының иегері Ұлытау облысынан Айзада Рахымжан, II орынды Жадыра Байбуланова, III орынды Серғазы Қайырболды иеленді.
Түркістан облысында вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «Толқысын шартарап» атты республикалық ән байқауының жеңімпаздары анықталды. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған өнер сайысына еліміздің әр өңірінен қатысқан 40-қа жуық үміткер қатысты. Байқаудың […]
Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орай бүгін Шымкентте “Еңбекпен өткен өмір — ұрпаққа үлгі” атты салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс шараға қала тұрғындары, ардагерлер кеңесі мен […]
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай онлайн форматта көркемсөз оқу шеберлерінің «ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ-АБАЙ» атты аудандық байқауы өткізіледі. Байқаудың өткізу ҚАҒИДАСЫ⬇⬇⬇ 1. Жалпы ережелер 1.Осы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауының қағидасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай бағытталған […]
Пікір қалдыру