Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырым шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелерді құрайды.
2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көшені асфальттау жоспарланған. Қазіргі таңда, 64 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.
2024 жылы жалпы 87 көшеге 48,8 км.асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қаратау ауданы аумағындағы орталық 91 көше жарықтандырылған. 2023 жылы аудан аумағындағы маңызға ие 30 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылуда. Ал, 18 көше тұрғындар тарапынан жарықтандырылып, Шымкент қаласының энерегетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының теңгеріміне өткен.
2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Аудан аумағындағы тұрғындардың өтініштері негізінде 240 орынға бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін атқарылатын болады.
Қаратау ауданы – Қазақстанның Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 2014 жылы құрылған. Аудан атын атақты ақын, жазушы, қоғам қайраткері Мархабат Байғұт ұсынды.
Қаратау ауданына 28-ден астам елді мекендер мен шағын аудандар енгізілген. Қаратау ауданы «Азат», «Ақжайық», «Асар», «Бозарық», «Достық». «Достық-2». «Қайнар бұлақ». «Қайтпас», «Қызылсай», «Мәртөбе», «Мирас» (жартылай), «Нұрсәт», «Нұртас», «Орманшы», «Өтеміс», «Сайрам», «Тәжірибе бекеті», «Таскен», «Тассай», «Тұран», «Шапырашты» шағын аудандары мен тұрғын алаптарын біріктірді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңадан ауыз су жүйесі іске қосылған Текесу тұрғын алабына арнайы барып, жергілікті халықпен кездесті. Қала басшысы тұрғындарды маңызды оқиғамен құттықтап, аталған жобаның әлеуметтік маңыздылығына ерекше тоқталды. Аталған жоба – халықтың […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылатын болды. Бұл жөнінде бүгін Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жолдаған үндеуінде айтты. Мен тарихшы ретінде Президенттің бұл бастамасын қолдаймын. […]
Абай ауданы әкімі Шәкір Асылханұлы жақында аудан аумағында атқарылып жатқан абаттандыру және құрылыс жұмыстарының барысымен танысу мақсатында бірқатар шараларды аралады. Атап айтқанда, Жиделі шағын ауданында бой көтеріп жатқан жаңа сквердің құрылысымен танысқан әкім, оның маңыздылығына […]
Пікір қалдыру