ҚЫЗ ТАҒДЫРЫ — ЕЛ ТАҒДЫРЫ
Бүкіл әлемде әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет физикалық немесе жыныстық зорлық- зомбылыққа ұшырады. Осы үрдісті қалпына келтіру жөніндегі жұмсалған тынымсыз күш-жігерге қарамастан, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың мұндай деңгейі соңғы онжылдықта іс жүзінде өзгерген жоқ.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында «Қыз тағдыры — ел тағдыры» тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы, олардың өмірін қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау болып табылады.
Кездесуге Шымкент қалалық әйелдер кеңесі төрайымы Баян Айтбекқызы, Шымкент қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Гульвира Тулепбергенқызы, «Ана үйі» қоғамдық қоры-ресурстық орталығының үйлестірушісі Қалдар Жұмабайқызы, Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Гульсина Рахимбайқызы, PhD докторы, гештальт-терапевт, тәжірибелі психолог Салтанат Сайлауқызы, Әкім жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат комиссия мүшелері, қалалық прокуратура, «Аманат» партиясы,қалалық, мәслихат депутаты, ұлттық комиссия мүшесі мен әйелдер кеңесінің төрайымы, Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы, Білім басқармасы, Еңбек мобильді орталығы, Денсаулық сақтау басқармасы және қала жастары қатысты.
Сонымен қатар, жиында қазіргі таңда елімізде орын алып жатқан зорлық-зомбылық фактілері сөз етіліп, заң аясында қандай әкімшілік көздері қаралғандығы жөнінде айтылды.
Пікір қалдыру