Түркістандық жастарға жақсы жаңалық! Қалалық жастар ресурстық орталығының жаңа ғимараты ашылды. Қаланың өзінде 72 мыңға жуық жас бар екенін ескерсек, оларға жағдай жасау да маңызды. 14 жылға жуық әр мекемемен жапсарлас отырып келген ұжым, енді заманауи үлгіде салынған нысанға қол жеткізіп отыр.
Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркістандық жастарға заманауи орталықтың кілтін табыстап, әр бастамаларына сәттілік тіледі.
– Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ. Соның ішіндегі 14-35 жас аралығындағы жастар саны 663 мыңнан асып, халық санының 30% құрайды. Түркістан қаласының өзінде бүгінде 72 мыңға жуық жас тұрады. Бұл – үлкен демографиялық көрсеткіш және адам капиталы. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толып отыр. Осы аз ғана уақыт ішінде Түркістан қаласында жастарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында түрлі мәдени, спорттық нысандар бой көтерді. Соның бірі, міне, бүгінгі Түркістан қаласының «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратының ашылу рәсімінде жиналып тұрмыз. Бұл ғимарат Түркістан жастарына шабыт беріп, елге қызмет ететін жастарды біріктіретін орталық болады деп сенемін. Жастардың ғимараты құтты болып, бастамашыл орталыққа айнала берсін! – деді облыс басшысы.
Жастар орталығына арналған бұл нысан жергілікті бюджет есебінен бой көтерді. Сәулеті мен салтанаты келіскен ғимарат тәулігіне 100-ден аса жасқа қызмет көрсетеді. Онда жастарға білімін көтеріп, салауатты өмір салтын ұстануға, шығармашылықпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Орталық арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, электронды кітапхана бөлмесі, үйірмелерге арналған бөлмелер, шағын спортзал және көпфункционалды залдарымен қамтамасыз етілген. Еріктілерге арнайы үлкен зал мен кинотеатр да қарастырылған. Одан бөлек, орталық жанынан амфитеатрдың құрылыс жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 14-35 жас аралығында 71 486 жас бар. Қаладағы 2 жоғарғы оқу орында 12 265 студент білім алып жатыр. 8 орта арнаулы оқу орындарында студенттер саны – 7441. Түркістан қаласы бойынша жалпы орта мектептерде 7-11 сыныптарда 18 844 оқушы білім алуда.
Балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның ортақ міндеті. Осыған орай, Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Бәйдібек ата» жазғы лагерінде балаларға арналған қауіпсіздік шаралары өткізілді. Кездесуге полиция бөлімі бастығының орынбасары А.Арғынбеков, тәрбиешілер мен […]
Сапар барысында Елбасы қаланың рухани-мәдени орталығында өткен концертке қатысып, Түркістан облысының тұрғындарымен жүздесті. Сөз барысында Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы шешімінің тарихи маңызына тоқталды. — Тәуелсіздік алғаннан соң Түркістанды астана ретінде қарастырдым. […]
Түркістан облысы Түлкібас ауданында тұрғындардың өтінішіне сәйкес Балықты ауылына қарасты Панюкова, Майтөбе ауылына қарасты Сүйінбай және Таусағыз елді мекеніндегі Жандосов көшесіне түнгі жарықтандыру шамдары орнатылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл жайында бүгін аудан әкімінің төрағалығымен […]
Пікір қалдыру