Түлкібас – тек Түркістан облысына ғана емес, бүкіл Қазақстанға өзінің тұмса табиғатымен, көкорай шалғынымен, жасыл-желегімен танымал.
Түлкібас ауданы экономикасының дамуының маңызды бағыттарының бірі – туризм саласы. Ауданда туризмді дамытуға ден қойылған.
Қазіргі таңда Түлкібаста 36 туристік нысан жұмыс істейді. Атап айтқанда, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақ пен туристік базалар, 4 киелі аймақ және 3 қонақ үй келушілерге қызмет көрсетеді.
Туризм бағыты бойынша алдағы 3 жылда 13,4 млрд. теңгеге 5 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізілмек. Оның ішінде, «Ақcу Жабағылы» оңалту сауықтыру кешенін қайта құрылымдау және «Түлкібас саясы» ЖШС-нің қолданыстағы емдік сауықтыру орталығын кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар «Ақcу Жабағылы» ОСК» ЖШС арқылы 400 орындық оңалту сауықтыру кешенінің құрылысы қолға алынады. Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлер есебінен «Патсаев. К» және «Боташов Б» демалыс орындары ашылмақ.
Сонымен қатар, туризм саласын дамыту мақсатында аудан аумағынан спорт, мәдени, емдік-сауықтыру рекреациялық аймақ құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда рекреациялық аймақтың егжей-тегжейлі жобасы әзірленуде. Аймақта киіз үйлер қалашығын, коттеджді қалашықтар, қонақ үйлер, ойын-сауық орындары, жабық спорттық залдар, ашық спорт алаңдарын және тағы басқа нысандар орналастыру үшін жер телімдері ұсынылатын болады.
Жобалар толық іске қосылғанда, 323 жаңа жұмыс орны ашылады. Одан бөлек, төсек-орын саны қосымша 640 бірлікке артып, салық түсімдері ұлғаяды деп күтілуде. Жалпы, биыл ауданда туризм саласын дамытуға орай бірнеше жоспарлап түзіліп, жобалар жүзеге асуда. Нәтижесінде, алдағы уақытта шетелден келетін туристер саны артатыны кәміл.
Биылғы карантиндік шараларға қарамастан, Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенінде тұрақты өсім сақталып, көктемгі және күзгі дала жұмыстары өз мерзімінде атқарылды. Егіс көлемі 17 мың га артып, 846 мың га-ға жетті. Масақты дақылдардан 513 мың тн дән […]
Түлкібас ауданы тұрғындарына қолжетімді медициналық көмекті оңтайландыру мақсатында аудандық аурухана ғимаратында заманауи қабылдау бөлімі ашылды. Қабылдау бөлімі тираж жүйесі арқылы іске асып отыр. Жүйе науқастарға қызмет көрсету уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қабылдау бөлімінде заманауи […]
Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны Ергеш Бексұлтан Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен жоспарын жүзеге асырды. Бұған дейін тұрақты жұмыс таппай қиналған ол, […]
Пікір қалдыру