Арыс қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаламызда орналасқан тұңғыш тұқымбақ аумағы айтарлықтай ұлғайып, бүгінде мұнда 100 мыңнан астам көшет өсірілуде.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тікелей бастамасымен құрылған тұқымбақтың аумағы қазіргі таңда 1 гектарға жуықтады. Мұнда 9 түрлі ағаш көшеттері өсірілуде. Барлық көшеттер жергілікті жерде өскен талдардың ұрықтарынан алынған. Бұл тәсіл жергілікті экожүйенің ерекшеліктерін ескере отырып, өсімдіктердің жақсы өсуіне және бейімделуіне мүмкіндік береді. Айта кетейік, тұқымбақ 2022 жылы құрылып, көшеттер бағында қазіргі уақытта 80 мыңнан аса түп ағаш өсіп, жайқалып тұр.
«Тұқымбақта өсірілетін көшеттердің сапасын және санын арттыру үшін заманауи тамшылатып суғару жүйесі орнаттық. Бұл жүйе суды үнемдеуге және өсімдіктердің қажетті ылғалдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Және суды тікелей өсімдік тамырына жеткізу нәтижесінде өсімдіктердің өсуі мен дамуы айтарлықтай жақсарады», дейді «Жасыл Арыс» КММ-нің маманы Қуанышбай Наурызбаев.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы елдің экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл аумақтарды ұлғайту және тұрғындардың табиғатты қорғау мәдениетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Арыс қаласындағы тұқымбақтың ұлғайту жобасы – осы акцияның жарқын мысалы. Бұл жоба арқылы қаланың экологиялық жағдайы жақсарып қана қоймай, тұрғындар да жасыл аумақтардың маңыздылығын түсіне бастайды деген сенім бар.
Жасыларыстықтар қалалық білім бөліміне қарасты Сұлтанбек Қожанов мектебінің ауласында қарағаш тұқымдарын жинау жұмыстарымен айналысуда. Мұндағы мақсат — Арыс топырағына бейімделген қарағаш тұқымын жинап тұқымбаққа орнатып келер жылға дайын көшет алу.
Бүгінде ағаш тұқымдарын жинау жұмыстарына «Жасыл Арыс» КММ-нің 15 қызметкері жұмылдырылған. Олар қазіргі уақытта Арыс-Шымкент тас жолы бойында, сондай-ақ қала ішінде ағаш көшеттерін жинау жұмыстарымен айналысуда. Тұқымбақтың ерекшелігі — мұнда өсіріліп жатқан көшеттің бәрі де қалада өсіп тұрған ағаштардың тұқымынан өніп шыққан. Нәтижесінде тұқымдардың өнімділігі 95 пайызды құрап отыр.
Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Теспе жалпы орта мектебінің оқушысы Әбдіманап Абзал Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинап, үлкен жетістікке жетіп отыр. Бұл бүгінде Республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Бұл туралы бүгін облыстық адами әлеуетті […]
Мақтаарал ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылы 3,2 миллиард теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш 12,5 миллиард теңгеге жетті. Осылайша 8 айдың қорытындысымен өнім көлемі 4 есе артып отыр. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі […]
Түркістан облысының басшылығы «KITA» қауымдастығының құрамындағы компаниялардың Түркістан облысында бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайын. Бұл жөнінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Кореяның ең алпауыт компанияларының басын біріктіріп отырған KITA қауымдастығының төрағасымен Түркістан […]
Пікір қалдыру