Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалған. Мемлекет тарапынан қолдау да бар. Облысқа қарасты аудан, қалаларда жыл сайын отбасылық кәсіппен айналысатын азаматтар қатары көбеюде.
Төлеби ауданында инвестициялық жобалардың саны артып келеді. Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік саласын дамыту үшін инвестиция тартуды көздеген кәсіпкерлермен кездесіп, инвест жобаларымен танысты.
Аудандағы Зертас ауылдық округінде жеке кәсіпкер «AZIA MILK» маркасымен сүт-тауарлы фермасы жобасын іске қоспақ. Кәсіп иесі елді мекен шегіндегі 10 гектар аумаққа Израиль технологиясы негізінде ферма ашуды көздеп отыр. Тауарлы сүт фермасы аумағында 1 200 бас ірі қара малға арналған және жем-шөп жинайтын орын, сүт өнімдерін дайындайтын арнайы ғимарат болады. Ферма барлық қажетті заманауи технологиямен жабдықталмақ. 2024-2027 жылдары жүзеге асырылатын бұл жоба жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Жоба құны – 1,3 млрд теңге.
Аудан басшысы әкімдік тарапынан инвесторға қолдау көрсетілетінін айтып, ел дамуы жолында бірлесіп еңбек етуге шақырды.
Ауданда балық шаруашылығы да дамып келеді. Аудан әкімі Киелітас ауылдық округіндегі жеке кәсіпкердің балық шаруашылығымен танысты. Кәсіпкер 350 млн теңге өз қаражаты есебінен 0,5 гектар аумаққа 10 тоннадан астам сазан балығын өсіріп жатыр. Одан бөлек, 1,6 гектар жерге демалыс аймағы бой көтерген. Демалыс аймағы тамыз айында жұмысын бастайды деп жоспарлануда.
Тігін фабрикасының құрылысы жүріп жатыр. Қазір ғимарат тұрғызылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ал кәсіпорынның инфрақұрылымға қатысты мәселелері кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бақылауына алынып, жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Алдағы уақытта электр, телефон желілері мен су құбырлары тартылады.
Жеке инвестиция есебінен жүзеге асып жатқан жоба KAZPLAST ЖШС-ға тиесілі. Жалпы инвестициялық құны – 1,5 млрд теңге. Жылына 150 мың дана арнайы киім тігетін кәсіпорында 150 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Биыл жұмысын бастағалы отырған фабрика өнімдері ел іші қажеттілігін өтемек.
Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14 277,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі – 111,1% құрады. Ал өнеркәсіптің өндірілген өнімінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 5,2% құрайды. Қазіргі таңда облыс аумағында жеңіл өнеркәсіп саласында жалпы 50-ге жуық кәсіпорын бар. Оның ішінде, 25 кәсіпорын мақта өңдейді, ал 10 тігін кәсіпорындары мен 9 тігін цехтары жұмыс істейді, 3 кәсіпорын аяқкиім шығарады, 1 кәсіпорын медициналық мақта шығарады.
Түркістан облысында карантин режимі жеңілдетілді. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша ұзартылған карантин тәртібі бүгіннен бастап күшіне енді. Облыста коронавирустық инфекцияның бір күндік өсім 0,8 пайызды құрап, жалпы жағдайдың тұрақталғанын көрсетіп отыр. Дегенмен карантин тараптары әлі […]
Түркістан облысы халықаралық инвестициялық байланыстарды нығайту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған түркістандық делегация Қытай Халық Республикасының ірі экономикалық орталығы – Шанхай қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді. […]
Ақпан айының 23-24 жұлдызы күні Тараз қаласында «Тараз арена» спорт кешенінде грепплингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне еліміздің барлық облысынан 17 команда, жалпы 400 тарта спортшы қатысты. «Қазіргі таңда, елімізде грепплинг қарқынды дамып келеді. […]
Пікір қалдыру