Кентау – кенді шаһар. Қарт Қаратаудың қойнауында орналасқан шағын қала өзінің келбеттілігімен көпшілікті тамсандырып отырған. Табиғаты тамылжыған тау бөктеріндегі жасыл желекті жас қала кеншілердің құрметіне тұрғызылды.
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Бүгінгі таңда бетондарын құю жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімі Жандос Тасов құрылыстың алғашқы жұмыс барысын бақылады. Бұл ауыл тұрғындарының көптен күткен нысаны болғандықтан сапасы маңызды екенін атап өтті. Жұмыс барысы ұдайы бақылауда болатынын жауаптыларға ескертті.
Мәдениет үйі екі қабаттан тұрады. Ішінде 300 адамға арналған көрермен залы, 85 адамға арналған клуб кешені, әкімшілік-шаруашылық бөлімдері орналасады.
Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталып, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі моноқалаларды дамыту, екінші тынысын ашу мәселесін көтергені белгілі. Ендеше, алдағы уақытта да Президент тапсырмасымен бұл моноқаланың да дамуында жаңа серпін пайда болатыны сөзсіз.
Одан бөлек, жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес, Кентау қаласында 200 орынды ересек мүгедектерге арналған оңалту орталығын салуға; ерекше қажеттілікті қажет ететін адамдарға барлық әлеуметтік және инфрақұрылым нысандарын бейімдеуге қол жеткізу мақсатын орындау үшін осы салада да атқарылып жатқан жұмыстарды көзге көрінеді.
Айта кетейік, ауыл тұрғындар біраз жылдан бері ауылға мәдениет үйінің қажет екенін ұсынып келген. Биыл республикалық бюджеттен қаржы қаралып, өзекті мәселенің шешімі табылды.
Одан бөлек Кентауда өңірге қарасты ауылдық округтердегі мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарды жоспарлы түрде күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуге ықпал етеді» деп жазылған болатын.
Жалпы мәдени нысандармен қатар, өңірдегі туризмі дамыту ісі де жаңа бір белеске көтеріліп келеді. Шағын мобильді туристік үйшіктер салу, Қаратау қорығына барар жолдарды ретке келтіру, күн сәулесінен электр энергиясын алатын біраз стансалар салу жұмысы қаланы дамыту жоспарына енетін болады.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мектеп оқушыларының басым бөлігі онлайн форматта білім алуда. Бүгінде Түркістан облысында 912 жалпы білім беретін мектеп бар, бұл мектептерде 502 737 бала білім алады. Оның ішінде 446 109 (89,0%) оқушы […]
Түркістан өңірінде тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды. Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округі, Темірлан елді мекеніндегі 1 қабатты, 2 пəтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысымен, қазіргі жай-күйімен танысты. Мердігері – «Берен» ЖШС, техникалық қадағалаушы – […]
Алматы облысы мәслихатының хатшысы — Дүйсенбинов Сұлтан Мырзабекұлы, Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы — Есдәулетов Рахмет Разбекұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері, Республикалық ақпараттық түсіндіру топ […]
Пікір қалдыру