Түркістан облысын дамыту бағытында өңір тұрғындарының ұсыныс-пікірлері ескеріледі. Аудан, қала мәселелерін анықтауға және заңсыздықтарды жоюға тұрғындар белсене атсалысып жатыр. Осы ретте, облыс басшысы Дархан Сатыбалды мен оның орынбасарлары кестеге сәйкес жергілікті тұрғындарды жеке қабылдауда. Бұл жолы тұрғындардың мәселесін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тыңдады.
Жеке қабылдауда білім, балабақша, денсаулық, жұмыспен қамту саласына қатысты сан түрлі мәселе көтерілді. Мәселен, Сауран ауданынан келген азамат мектеп директорын ротациялау мәселесін көтерді. Жетісайлық кәсіпкер жекеменшік балабақшасының мәселесін қозғады. Оған мониторинг тобының хаттамасына сәйкес кемшіліктерді жою керек екендігі түсіндірілді. Арыс қаласының тұрғыны аурухана дәрігерлерінің біліктілігіне шағымданып, медициналық мекемені КТ аппаратымен қамтуды сұрады. Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс дәрігерлері біліктілігін арттыру мақсатында Астана қаласында тәжірибие алмасуда. Сонымен қатар резидентура бойынша білім алуға облыс жастарына 139 грант қарастырылған. Ауылдық жерлерде маман тапшылығын шешу үшін білікті жас дәрігерлерді жоғарғы оқу орындарында даярлап, елді мекендерге жұмыс істеуге жіберу жоспарлануда. Облыс бойынша 3 КТ аппараты алынып, біреуін Арыс қаласында орнату көзделіп отыр.
Түркістан қаласынан келген азаматшалар жекеменшік балабақшада 6 ай көлемінде еңбекақысыз жұмыс істеп жүргендерін алға тартты. Бұл мәселе бойынша өтініш иелерінің арызы негізінде облыстық Бақылау жөніндегі басқармасы тарапынан заң шеңберінде қаралады және аталған мекемеге тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, электронды қоларба алу, мектепке жұмысқа орналасу, аудандық Жастар орталығының жұмысы туралы ұсыныстар айтылды.
Бейсенбай Тәжібаев көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң шеңберінде қаралатынын жеткізді.
Көне Түркістанның орнынан керуен сарайы, мектеп пен қыш бұйымдары цехы табылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағынан тарихи нысандар тапқан архелогтар, бұл әлемдік сенсациялық жаңалық екенін мәлім етті. Ескі Түркістан қаласының көне шахристанынан XVIII-XIX ғасырларға […]
Сарыағаш ауданында қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын сақтау жолында бірнеше буын өкілі қатар еңбек етіп келе жатқан бірегей отбасы бар. Бұл — Құлбаевтар әулеті. Ішкі істер саласында қызмет ету бұл әулет үшін жай мамандық емес, […]
Бүгін журналистер қауымы «Turkistan Jana-qala» жаңа тұрғын үй алқабында да болып, жаңадан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлерді аралап көрді. Түркістан қаласында «Арман» және «Сырдария» тұрғын үй кешендері жобалары да жүзеге асырылған. Нәтижесінде 1 418 пәтерлік […]
Пікір қалдыру