Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Достық үйі» ғимаратының құрылысы жүруде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Жаңа қала» аумағын жаяу аралап, аталған ғимараттың құрылыс жұмыстарын көрді.
Нысанның кірпіші қаланып, сыртқы инженерлік желілері толық жүргізілген. Құрылысы аяқталып келеді. Облыс әкімі нысанның сапасы мен сәні үйлесім тауып, уақтылы берілуі керек екенін айтты. Мердігерге нақты тапсырмалар берді.
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа үлгідегі «Достық үйі» ғимаратының жалпы алаңы – 3912,29 шаршы метр. Этносаралық татулықтың ұйытқысына айналатын жаңа ғимараттың құрылысы биыл күзде толық аяқталады деп жоспарланған. Жоба бойынша ғимарат төрт қабаттан тұрады және құрамында мәжіліс залы, этнос өкілдерінің орталықтары орналасады. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне байланысты тақырыптық ішкі әрлеу жүргізіліп, қажетті экспонаттар қойылмақ.
Одан кейін облыс әкімі Түркістандағы «Жаңа қала» аумағында салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылысын қадағалады. Бұл білім ұясы биыл күзде тапсырылады деп жоспарланған. Нысанда құрылыс қарқынды жүруде. Өңір басшысы жауапты мекемелер мен мердігер компания басшылығына жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды. Бұл білім ұясында оқушылар мен ұстаздарға өте қолайлы жағдай жасалмақ. Стадион маңында орналасқан мектептің сапасы жоғары деңгейде болады деп күтіліп отыр.
Айта кетейік, Түркістан облысында екі жылда 63 «Жайлы мектеп» салынады. Оның 29-ы биыл тапсырылады деп жоспарланған.
Шымкент қаласында «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және жеке тұлғаларға салықтық рақымшылықты жүргізу» және «Экспорттық бақылауға қатысты сауалдар, ЕАЭО елдерінен заңсыз тауар кіргізу және камералдық бақылау мәселелерін талқылау» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Бұл жайында Түркістан облысы […]
Қоғамның тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – кез келген елдің басты мақсаты. Осы орайда бұл жауапты міндетті иығына артқан полиция қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Олар күндіз-түні тыным таппай, заңның үстемдігі мен тәртіптің сақталуы үшін аянбай […]
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, биылғы жылдан бастап Түркістан қаласын жасыл қалаға және ауа-райын қолайлы климатқа айналдыру мақсатында Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жұмыстары жүруде — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Осыған орай, облыс әкімдігінің […]
Пікір қалдыру