ТҮРКІСТАН: ШОРНАҚТА ЖЫЛЫНА12 МЫҢ ӨНІМ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ЖҰМЫСЫ ДӘСЕҢДЕМЕЙДІ

Шорнақ ауылдық округіндегі «TAK Mebel» жиһаз кәсіпорнына аялады. Жылына 12 000 дана өнім өндірілетін цехта 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сапалы жиһаздарға сұраныс жоғары. Жиһаз өнімдері сапа менеджменті сертификатпен расталған.

Жалпы, Сауран ауданында жаңа өндіріс орындарын ашып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу – басты назарда. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістікті суарудың озық тәжірибелерін енгізуді, инвестиция тартып, өнім көлемін арттыру, мал шаруашылығын дамыту, аудандағы инфрақұрылым мен тарихи туризмді және де экотуризамді дамыту бағытында жұмыстар жүзеге асады.

Сауран ауданында үлкен потенциал бар. Аудан күллі түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан қаласымен шектеседі. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының және халықаралық темір жол бойында орналасқан. Сауран ауданына ерекше көңіл бөлінген. Мақсатымыз – аудан халқына барынша қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасау. Ауыл, елдімекендеріміз жайлы, қауіпсіз, таза да көрікті, жасыл аумаққа айналдыруды басты назарға қойып отыр.

Сауран ауданында жаңадан аудандық құрылым бөлімдерін құруды, сәулеті заманауи талаптарға сай аудан орталығының құрылыс жұмыстарын бастау бағытында қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Аудан қарт Қаратау мен Сырдария өзенінің арасында туристердің қызығушылығын арттыратын тарихи орындар, табиғаты жанға жайлылық жерлер жетерлік.  Қолданыстағы заңдарға сәйкес, әкімшілік құрылымын жасақтау үшін алдымен аудандық мәслихат құрылды

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*