Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының құрылуына 6 жыл толуына орай волейболдан қыздар арасында Түркістан облысының VI спартакиадасы болып өтті.
«Бекзат Саттарханов» атындағы спорт кешенінде өткен байрақты бәсекенің ашылу салтанатына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров пен аудандық мәслихат депутаттары Эльмира Темірбаева, Әділхан Асауов пен Бекет Ділдабаев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен Жетісай қаласының әкімі Нұрлыбек Бахтияров қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Басты мақсаты қоғамда ұрпақтар сабақтастығын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында волейбол спортына деген қызығушылықты арттырып, аға буын өкілдерінің ізін басқан жас спортшыларға тәжірибелерімен бөлісу, жастардың кәсіби біліктіліктерін арттыру болып табылатын облыстық спартакиадаға
Шардара, Келес, Бәйдібек, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Түркістан, Отырар, Мақтаарал және Жетісай аудандарынан келген 10 командада 100-ге тарта спортшы қатысып, бақтарын сынасты.
Командалар арасында өзара тартысты өткен ойындар төрешілердің бекіткен ережесіне сай қорытындыланып, жүлделі ІІІ орынға Сайрам ауданының құрама командасы табан тіресе, ІІ орын Жетісай ауданының қыздарынан құралған команда ойыншыларына бұйырды. Ал, жүлделі І орын Шардара ауданының әуе доп шеберлерінің қанжығасына байланып, чемпион атанды.
Одан бөлек, Жетісай командасының ойыншысы Замира Егізбай «Үздік шабуылшы» атанса, Сайрамдық ойыншы Махми Жұмантаева «Үздік ойыншы», Сарыағаш ауданының ойыншысы Нұрбану Ануарова «Үздік қорғаушы» және Шардара құрамасының ойыншысы Элвира Икрамбай «Үздік доп ұзатушы» номинацияларына ие болды.
Жүлделі орынға ие болған командалар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен жекелеген ойыншылар сайыс соңында ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен, медальдарымен және арнайы дипломдарымен марапатталды.
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні. Татулық пен тұрақтылықты, ынтымақ пен бірлікті ту еткен жүзден аса ұлттар мен ұлыстар мекен еткен егемен еліміз үшін маңызды мереке. Осыған дейін 22 қыркүйекте атап өтілген мерекенің 5 […]
Өзінің төл тума бітім-қасиеттерімен, көркемдік мән-мағынасымен халықтың асыл қазынасы саналатын, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатқан қазақ қолөнерін жетісайлық әжелер «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан төрінде жұртшылыққа дәріптеді. Бүгінде жастары жетпіске асқан […]
Биылғы жылы Жетісай ауданында 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,9 мың гектарына мақта шикізаты, 19,7 мың гектарына бақша, 3,4 мың гектарына көкөніс, 11,1 мың гектарына мал азықтық дақылдар егілген. Бүгінгі таңда бақша, көкөніс, жеміс-жидек және […]
Пікір қалдыру