Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Датқа елді мекенінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің №42 өрт сөндіру бекеті ашылды.
Ғимараттың ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Сарбатов Әскер Сексенқалиұлы, төтенше жағдай саласының ардагерлері мен аудандық бөлімнің жеке құрамы, ауыл тұрғындары қатысты.
«Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы – төтенше жағдайларды жоюда, өрт сөндіру қызметінің жеделділігін, тиімділігін арттыруда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.
Мемлекеттің басты басымдығы мен төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің негізгі міндеті – ең алдымен аймақты өрттен қорғау, сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету болып табылатыны баршамызға аян. Осы бағыттағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік, дендеріңізге саулық тілеймін!» деген аудан басшысы жұртшылықты өрт сөндіру бекетінің ашылуымен құттықтады.
Салтанатты лента қию рәсімінен соң қонақтар өрт сөндіру бекетінің ішін аралап көрді. Қызылқұм, Абай, Мақталы және Атамекен ауылдық округтерінің 40 мыңға тарта тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген қажеттіліктен туындаған өрт сөндіру бекетін іске қосу үшін соңғы бірнеше жылда пайдаланылмай тұрған ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілген. Арнайы байланыс құралдарымен, демалыс бөлмесімен және оқу-жаттығу кабинетімен жабдықталған бекетте 2 өрт сөндіру автокөлігі, 13 өрт сөндіруші қызмет атқаратын болады.
Айта кетейік, бұған дейін аудандағы 2 өрт сөндіру бекетінде 5 техника мен жеке құрамда 70 қызметкер қызыл жалынды ауыздықтап келген еді.
Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан басшысымен қатар орынбасарлары, аппарат басшысы мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов […]
Жетісай ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 11.09.2024 жылғы №2586 санды хатына сәйкес «Бүкіләлемдік тазалық күні» аясында ауқымды сенбілік өтті. Аталмыш сенбілікке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері […]
Референдум қазақстандықтардың қалауымен шешіледі және оның нәтижесінің қандай болатыны — біздің еркін де демократиялық таңдауымыз болмақ. Уақыт өз шарттарын белгілейді және тұтас мемлекеттердің өмір сүру режимі оның ішкі мақсаттары мен міндеттерін өзгертеді. Еліміз ХХ ғасырдағы […]
Пікір қалдыру