ЖЕТІСАЙДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде негізгі мәселелер ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2024 жылғы І жартыжылдық қорытындысы мен «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысы, игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланса, су үнемдеу технологиясы бойынша жаңа жобалардың жүзеге асырылуы мен жылыту маусымына дайындық жұмыстары қосымша мәселе ретінде қаралды. Салаға жауапты басшылардың баяндамалары тыңдалды.
Нақтырақ айтар болсақ, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев алғашқы 6 айда Түркістан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына жасаған талдауы нәтижесінде шығарылған рейтинг бойынша жеткен жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталса, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбеков егістік алқаптарда жүзеге асырылып жатқан су үнемдеу технологиялары мен игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша, ал, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов мекемелердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары бойынша баяндама жасады. Атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалды.
Өз кезегінде аудан басшысы ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету, әлеуметтің әлеуетін арттыру, «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіпкерлігін қолға алушылар мен жеке инвестициялар есебінен ашылатын жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, орын алған кемшіліктерді тез арада жойып, аудан аумағында жұмыс жүргізетін мердігерлердің жұмысының сапасын қатаң бақылауға алуды, қала, кент көшелерінде жабылып қалған арық-атыздар мен су қашыртқыларын қалпына келтіруді тапсырды. Берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуын өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*