Жетісай ауданының аумағында «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында жаппай сенбілік болып өтті. Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бастаған тазалық жұмыстарына 1200-ге жуық адам қатысты. Қатысушылардың 205-і мемлекеттік мекемелердің қызметшілері болса, қалғаны аудандық мәслихат депутаттары мен ерікті жастар, аудан тұрғындары болды.
«Тазалық – өзімізден басталады» ұранымен аудан тұрғындары республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының сенбілігіне белсене қатысып, аудан көлеміндегі бей-берекет жатқан қоқыс орындарын, арық-атыздар мен К-26 каналының 3 шақырым арнасын, А-15 Республикалық маңызы бар автожолын, ауданның кіреберісін және Жетісай қаласын қоқыс қалдықтарынан тазартып, өсіп тұрған арам шөптерін шапты.
«Тазалық – саулық негізі. Туған жердің тұмса табиғатын көздің қарашығындай сақтап, өлкенің экологиялық тазалығына атсалысу – әр азаматтың қасиетті борышы. Сондықтан, бүгінгі өтіп жатқан сенбілікте аудан әкімдігі басышыларынан бастап мәслихат депутаттары, жастар ұйымдары мен еріктілер, тұрғындар бірауыздан қолдау көрсетіп, атсалысуда. Тазалықты өзімізден бастауымыз керек. Ең болмағанда өз үйіміздің ауласын артық күл-қоқыстан тазартып отырсақ, өсіріп отырған ұл-қыздарымызға қоршаған ортаны таза ұстауға, туып өскен жерінің қадір-қасиетін арттыруға деген жоғары мәдениеттілік пен тәрбиемізді көрсете аламыз» деді аудан басшысы.
Айта кетейік, жаппай сенбілік жұмыстарына тұрғындардан бөлек 11 техника жұмылдырылып, 40 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды. Тазаланған аймақтардағы қатты тұрмыстық қалдықтарды арнайы полигонға тасымалдау жұмыстары жүргізілді.
Жетісай ауданы – Түркістан облысындағы аграрлық әлеуеті жоғары, ауыл шаруашылығы бағытында үлкен тәжірибесі мен жетістіктері бар өңір. 2025 жылдың маусым айында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде осы бағыттағы жұмыстар мен […]
Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елде де энергия өндіру қажеттілігі жыл сайын артып келеді. Сонымен бірге қоршаған ортаға энергия өндірудің зияны тиіп, экологиялық ахуал нашарлауда. Баламалы энергия көзі болған күн және жел энергетикасын дамыту және өндіру […]
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында Түркістан қаласында өтетін Жетісай ауданының мәдениет күндері басталды. Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Жетісай көшінің шымылдығы «Этноауыл» аумағында аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің, […]
Пікір қалдыру