Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында ауданда құрылысы жүргізіліп жатқан білім беру нысандарын аралап, жұмыстардың барысымен, сапасымен танысты. Мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, құрылысты жүргізудегі қолбайлау болып отырған мәселелердің шешілу жолдарын талқылады.
2022 жылғы 1 қыркүйектегі мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында бүгінде ауданда «Жайлы мектеп» жобасымен құрылысы жүргізілуі тиіс 6 нысанның 3-і кестеге сәйкес тиісті жұмыстарын жүргізуде.
Нақтырақ айтар болсақ, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Асықата кентінен 900 орындық және Ынтымақ ауылдық округінің Ақниет елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылысы өткен жылы басталған болса, биылғы жылдың соңына дейін Жетісай қаласынан 900 орындық және Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекенінен 600 орындық білім ошақтарының құрылысы басталып, 2025 жылы қолданысқа тапсырылады деп жоспарлануда.
Заманауи пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталатын мектептерде оқушылардың сапалы білім алуларына, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалмақ.
Құрылысы жүргізіліп жатқан мектептерден бөлек жаңа оқу жылына аудандағы 5 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 1 мектеп күрделі жөндеуден өтетін болады.
Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде негізгі мәселелер ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму […]
2025 жылы Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы, әсіресе егіншілік бағыты бойынша Түркістан облысында жетекші орындардың бірін сақтап қалды. Кең әрі құнарлы егістік алқаптары, жақсы дамыған суару инфрақұрылымы және еңбекқор шаруалар ауданды еліміздегі негізгі аграрлық аймақтардың қатарында […]
Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан басшысымен қатар орынбасарлары, аппарат басшысы мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов […]
Пікір қалдыру