МАҚТАРАЛДА 2 МЫҢ АДАМДЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН КӘСІПОРЫНДАР САЛЫНАДЫ

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өзбекстандық «Global Textile» компаниясының Мақтаарал ауданында мақта кластерін дамыту бойынша 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы бекітілген болатын. Жоспар бойынша компания Мақтаарал ауданында 2 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтитын 5 ірі кәсіпорынды іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба аясында логистика хабы, мақтаны бастапқы өңдеу зауыты, трикотаж мақта фабрикасы, мата бояу фабрикасы және тігін фабрикалары іске қосылады.
Былтырдан бастап тәжірибе ретінде компания жеткізген тұқымдық шиттер егіліп, өзбекстандық арнайы агроном мамандар шаруаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде аудан орталығы – Мырзакент кентінде компанияның кеңсесі ашылып, атқарушы директоры тағайындалған. Сондай-ақ компания Бірлік ауылдық округінің аумағынан 10 гектар жерге мақта қыбылдайтын бекет салу жұмыстарын бастап кетті.
Облыс әкімі орынбасарының соңғы аялдаған жері – «Мырзакент» ЖШС-на қарасты мақта өңдеу зауыты. Жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын өндіріс ошағының аудандардағы мақта қабылдау пункттерінде мыңға жуық адам еңбек етеді. АҚШ-тың соңғы үлгідегі жаңа технологиясымен жабдықталған зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 60 мың тоннаны құрайды.
Іссапар соңында Ертай Кенжебекұлы Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында арнайы жиын өткізіп, осы саладағы түйткілдерді талқылады.
Айта кетейік, биыл ауданда 33,7 мың гектар алқапқа мақта егілген. Қазіргі таңда мақта дақылын дефолиациялау жұмыстары толықтай жүргізіліп, осы дақылдың жиын-терім науқаны басталды. Қазірдің өзінде аудан бойынша 632 гектар мақталық алқап теріліп, 1706 тонна өнім жиналды. Биыл мақта дақылынан алынатын болжамдық өнім көлемі 92,3 мың тоннаны құрап, жалпы орташа өнімділік гектарына 27,4 центнерден болады деп болжануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*