Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтың төрағалығымен өткен жиынға прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және басқа да бақылау-қадағалау органдарының, кәсіпкерлер палатасының, салалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, кәсіпкерлер қатысты.
Қала басшысының орынбасары жыл сайын өткізілетін ауқымды жиынның мақсаты – ҚР заң талаптары бұзылуының алдын алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру екеніне тоқталды.
«ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жылына бір рет Бірыңғай есеп күні өткізіледі. Былтырғы кездесуде айтылған ұсыныстар жүзеге асырылуда. Мұндағы мақсатымыз – ҚР заң талаптарын бұзудың алдын алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Және мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық арасындағы байланысты нығайтады», – деді Айдын Мейрамбекұлы.
Жиын барысында мемлекеттік органдардың басшылары 8 айда атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасап, кәсіпкерлер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов тиісті жұмыстар нәтижесінде ашықтыққа ұмтылған кәсіпкерлер саны артқанын айтып, нәтижесінде бюджетке түсімдер көбейгеніне тоқталды.
«Өздеріңізге белгілі, жыл басынан бері жан-жақты жұмыс жүргізу нәтижесінде Шымкент қаласының бөлшек салық мөлшерлемесі 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілді. Оған қоса өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолдану жеңілдетілді. Сонымен қоса салық берешегін мәжбүрлеп өндіру барысына өзгеріс енгізілді», – деді Сапарбек Ешанқұлов.
Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов бөлшек салық мөшлермемесінің екі есеге төмендегені бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды.
В Шымкенте успешно выполняются поручения Главы государства К. Токаева по стабилизации эпидемиологической ситуации в стране. Так, в Шымкенте впервые по республике открыт 51 дневной стационар. В результате, в городе в два раза усилилась медицинская […]
Шымкент қаласында патрульдік полиция полкі қызметкерлері мектеп оқушыларымен арнайы кездесу ұйымдастырды. Шара республикалық «Қауіпсіз жол – балалармен бірге!» акциясы аясында өткізіліп, басты мақсат – балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетін арттыру болды. Полицейлердің […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 қазан — халықаралық Қарттар күніне орай ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарада қала басшысы ыстық ықыласын жеткізді. — Сіздерді халықаралық қарттар күні мейірім мен […]
Пікір қалдыру