Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына рухани және тарихи орталық ретіндегі ерекше мәртебе мәселесін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын. Осыған байланысты жаңа заң жобасы әзірленді.
Заң жобасы 4 тараудан және 15 баптан тұрады. Мақсаттары мен міндеттері – Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде Түркістан қаласының қалыптасуы, дамуы және жұмыс істеуі үшін құқықтық шарттар құру, сондай-ақ жалпы мемлекеттік маңыздылығын тану; қаланың тарихи-мәдени маңызы бар, соның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүкіләлемдік мұра объектісінің қорғау аумағында орналасқан ескерткіштер мен объектілерді басқару мен сақтаудың оңтайлы жүйесін құру. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және рухани объектілердің киелілігін сақтау – Заң жобасының негізгі қағидаттары.
Осы бастама арқылы Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру, ұлттық қолөнер саласындағы шеберлерге қолдау көрсету, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу, құрылыстың бөгде элементтеріне жол бермеу және оның бірегейлігін сақтау көзделген. Атап айтқанда, кесененің қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан жүз метрлік қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын, сондай-ақ ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарихи ескерткіштермен сәйкес келмейтін объектілер салуға жол берілмейді.
«Ұлы дала елі» ғимаратында «Ислам және дәстүр құндылығы – қайырлы ұрпақ, ізгі қоғам кепілі» атты маңызды жиын өтті. Бұл шараның басты мақсаты – Қазақстандағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық дәстүрлі құндылықтарды кеңінен насихаттау және қоғамда […]
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесті. Жұмысшы топ облыс орталығында бой көтерген «Ұлы дала елі» мәдени кешенінің құрылыс барысымен танысты. Түркістан шаһарын түлету мақсатында еліміздің әрбір […]
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Түркістан облысына іссапары кезінде облыс орталығында бой көтеретін шығыс моншасының іргетасы қаланды. Оған вице-премьер А.Мамин, Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Қызылорда облысының әкімі Б.Көшербаев және өзге де облыс басшыларының орынбасарлары, […]
Пікір қалдыру